USD
USD
USD

Қазақстанда судьялар қанша жалақы алады?

ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов аудандық, облыстық және Жоғарғы сот судьялары қанша жалақы алатындығын айтты.

Қазақстанда судьялар қанша жалақы алады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанда аудандық, облыстық және Жоғарғы сотты қоса алғанда 2 684 судьялық бірлік қарастырылған. Бірақ, қазіргі таңда 2 400-і нақты жұмыс істейді. 14 пайыз бос орын бар», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар ол аудандық және облыстық судьялардың жалақылары қанша екендігін де атап өтті. «Жалақыларына қатысты ешқандай құпия жоқ. Жалпы, еңбекақы аудандық деңгейдегі судьяларда орташа есеппен алғанда 400-500 мың теңгенің төңірегінде. Ол - жұмыс өтіліне байланысты. Ал облыстық деңгейде - 600-700 мың, Жоғарғы сотта 800-900 мың теңгенің төңірегінде болып отыр. Судьялардың еңбек өтіліне байланысты жалақыларында айырмашылық болуы мүмкін»,- деді Айдос Сәдуақасов. 

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы