Қазақстанда бір апта ішінде 3366 қылмыс тіркелді

22 ақпан, 12:52

Фото: google.com

Елімізде бір апта ішінде 3366 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өткізген онлайн брифингте айтылды.

Алматы, NEGE. «Елімізде бір апта ішінде 3366 қылмыс жасалды, оның 2184-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтірудің – 13, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің – 6, қарақшылықтың – 1, тонауға қатысты – 45 және бөтен мүлікті ұрлаудың 511 қылмысын ашты», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации