Қазақстанда бензин бағасы 230 теңгеге дейін өсті

04 мамыр, 10:52

Фото: ғаламтордан

Ең танымал жанармай құю бекеттерінің ресми сайттарындағы мәліметтерге сәйкес, Нұр-Сұлтандағы АИ-92 – 168-177 теңге, АИ-95 – литрі 188-ден 197 теңгеге дейін, АИ-98 – 186-дан 220 теңгеге дейін қымбаттады. 

Алматы, NEGE. Алматыда АИ-92 –165-171, АИ-95 – 187-200, АИ-98 – 191-230 теңгеден сатылуда. Қазақстанның басқа қалаларында АИ-92 жанармайының бағасы 175 теңгеден аспайды. АИ-95 бағасы 185-тен 200 теңгеге дейін. АИ-98 175-205 теңгеден сатылуда.

Қазақстанда бензин бағасының көтерілуіне қатысты жағдай сәуірдің басынан бері байқалады. Қазақстандықтар бағаның өсуіне ғана емес, жанармай жетіспеушілігіне де шағымдануда. Қазақстандағы жанармай құю бекеттерін бағасы тағы да өсіп кетті. Соңғы бірнеше күнде жанармай орташа есеппен тағы 5-10 теңгеге қымбаттаған. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации