Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді

21 қараша, 17:32

Фото: Primeminister.kz

Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов Түркістан қаласында кездесу өткізд.

 Алматы, NEGE. Үкімет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, көлік-логистикалық, кедендік ынтымақтастық, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен өңіраралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. ҚР мен ӨР арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі практикалық шаралар жоспарын іске асыру, аймақтық тауар өткізу жүйесін, Қазақстан - Өзбекстан шекарасында Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру, шекара маңы өткізу бекеттерін жаңғырту және тағы басқа мәселелерге ерекше назар аударылды.

Өзбекстан - Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 21,2 пайызға 4,5 миллиард долларға дейін өсті. Тараптар тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Үкімет басшылары Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне, "Әзірет-Сұлтан" мәдени-тарихи музейіне барып, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации