Қазақстан Қырғызстанға 2 миллион бетперде жіберді

25 қараша, 16:49

Фото: ғаламтордан

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қырғызстанға өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарын және 2 миллион медициналық бетпердесін жөнелтті.

Алматы, NEGE. "Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №763 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен "Көкшетау-4П" өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 млн медициналық бетперде жіберді", - делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Жолданған гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 млн теңгеге жуық. Атап айтқанда, "Тыныс" АҚ шығарған "Көкшетау-4П" ӨЖЖ аппараттарының құны – 328 млн теңге, "Dolce pharm" ЖШС және "Mega pharm" ЖШС шығарған медициналық бетперделер құны – 61 млн теңге.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации