Қатаң карантин қайталана ма?

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова «Қазақстанда карантин қайталануы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.
Алматы, NEGE. «Карантин инфекцияның таралуын азайту үшін және ең бастысы – денсаулық сақтау жүйесіндегі шамадан тыс жүктемеге жол бермеу үшін енгізіледі», – деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге, спикер қандай жағдайда қайтадан локдаун болуы мүмкін екенін хабарлады.
«Егер ауруханалардағы төсек-орындардың 70%-дан асса, бұл денсаулық сақтау жүйесіне жоғары жүктеме артылғанын көрсетеді. Мұндай жағдайларда карантин енгізіледі. Ол карантиннің қашан енетінін ешкім нақты атай алмайды. Мұның бәрі өзіміздің қаншалықты вакцина алатынымызға байланысты», – дейді А. Есмағамбетова.