Кәсіпкерлер: Байбек бәрін бүлдірді news video

03 наурыз, 18:22

Бүгін Алматының солтүстік-батыс бөлігіндегі «Рахат» базарының саудагерлері мен базар иелері бас көтерді. Осы базардан нәпақасын тауып, бала-шаға асырап отырғандар базардың жабылуына қарсылық білдіруде. 

Алматы, NEGE. Мәселенің мән-жайын білмекке келген БАҚ өкілдеріне базар әкімшілігі ағынан жарылды. Айтуларынша, істің шикілігі көп. Аталған аумақты қалалық әкімдік 20 жылдан бері жалға беріп келген. 2018 жылы жер «зираттың санитарлық қорғау аймағында орналасқанын» алға тартып, жалға беру мерзімін ұзартпапты.

«Әкімдік 1 гектар жерді астанада тіркелген «Алматы CPS» фирмасына жиһаз фабрикасын салу үшін 5 жылға жалға берген. Ондаған жылдар бойы салық төлеп, бизнесін қалаған шағын кәсіп иелері енді барынан айырылмақ.

Сонда қараңыз, «Алматы CPS» фирмасына «зираттың санитарлық қорғау аймағында орналасқан» аумақта фабрика салуға болады. Ал бізге кәсіп жасауға рұқсат жоқ. Неге?» дейді тілшімізге арнайы сұхбат берген кәсіпкер Ләззат Тілеуханқызы.  

  #барахолка #байбек #нұротан
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации