KASE-нің таңғы сессиясы: $1 = 420,46 теңге

02 наурыз, 13:31

Фото: ғаламтордан

Теңгеге қатысты доллар бағамы тағы да өсті. KASE деректеріне сәйкес, доллар 2,49 теңгеге қымбаттады.

Алматы, NEGE. Биржадағы таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 420,46 теңге болды.

Айта кетейік, Америка валютасының сейсенбідегі ресми бағамы 417,90 теңге. 

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы 420,96 теңге, ал сатып алу - 419,30 теңге.

Нұр-Сұлтан алмастырғыштарда америкалық валюта орта есеппен 420,38 теңгеден сатылып жатыр, 418,82 теңгеден сатып алынады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации