Қарулы қарақшылар Kaspi банктің бөлімшесін тонап кетті

16 қазан, 14:15

Фото: ғаламтордан

Бейсенбі, 15 қазанда Алматыда екі қарулы адам Kaspi банктің филиалына қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE.  - Жұмыс күні аяқталып, клиенттер жоқ кезде банк бөліміне қарулы бейтаныс адамдар баса-көктеп кіріп келген. Алдын-ала мәліметтер бойынша, олар кассирді қорқытып, 2 миллион теңгені алып кеткен. Бақытымызға орай, қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция дабыл тетігі іске қосылғаннан кейін көп ұзамай келді, - дейді банктегілер.

Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, белсенділік танытуда. Қылмыскерлер табылып, заң бойынша жазасын алады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации