Қарлы бораннан 400-ге жуық адам құтқарылды

25 қаңтар, 19:12

Фото: google.com

Түркістан облысында қарлы бораннан 400-ге жуық адам құтқарылды.

Алматы, NEGE. Түркістан облысында авариялық құтқару жұмыстарының нәтижесінде көлігімен жолда қалып қойған (17 ауыр жүк көлігі, 90 жеңіл автокөлік) 377 адам құтқарылды.

Оның ішінде 75-і балалар. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Талғат Досалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Табиғи құбылысқа байланысты Департаментте шұғыл штаб құрылған. Өңірде республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының 2 учаскесі және облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының 7 учаскесінде көліктердің жүруіне шектеу қойылған.

«Өткен аптаның соңғы күндері жел мен жауған қар салдарынан Түркістан, Кентау қалалары мен Төлеби, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Созақ, Түлкібас, Сайрам аудандарында 34 773 абонент электр жарығынсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстарына жалпы 20 бригада, 65 жеке құрам, 18 бірлік техника жұмылдырылған. Дегенмен, қарлы боран салдарынан зардап шеккендер жоқ. Облыс тұрғындары егер ауа райы қолайсыз болған жағдайда жолға шықпағаны абзал», – Т. Досалиев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации