Карантин тәртібін бұзатындар дрон көмегімен анықталады

03 наурыз, 09:42

Фото: ғаламтордан

Қазір мамандар даярлайтын оқу орталығында бірнеше ұшу құрылғысы бар. Дрондар барлау кезінде ғана емес, ұрыс алаңдарында да қолданылады.

Алматы, NEGE. Ұшу құрылғылары еліміздің Қарулы Күштеріне осыдан 6 жыл бұрын енгізіле бастаған. Қазір бұл дрондар қауіпсіздікті қамтамсыз етуге де өз үлесін қосып келеді. Еліміздегі мамандарды даярлайтын жалғыз орталықтың меншігіндегі ұшу құрылғысы арқылы күндіз және түнде әуеден барлау жасалады. Олардың қуаты екі жарым сағатқа дейін жетеді екен. Өткен жылғы Төтенше жағдай кезінде осы құрылғылардың көмегімен 20 карантин талаптарын бұзу дерегі анықталыпты.

Бұл«СКАЙЛАРК» ҰҰА жүйесі кішігірім басқару станциясымен басқарылады. Ұшқышсыз ұшу аппараты 40 шақырымға дейін бара алады. Биіктігі 1200-ге дейін жұмыс істей алады. Негізгі қызметі – барлау және сол мәліметтерді жоғары штабқа беру. Әуе құрылғыларының қыр-сырын екі жарым айда меңгеріп алуға болады. Әуені барлау және дәл соққы беру үшін қолданылатын бұл құрылғы Wingloong деп аталады. Оның жылдамдығы сағатына 220 километрді құрайды. Құрылғыны қондыру үшін де арнайы алаңның қажеті жоқ тек ашық жер болса болғаны.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации