Қар таситын жүк көлігі құрғақ субұрқақты қиратты

27 ақпан, 20:44

Фото: inform.kz

Алматыда жүк көлігі Панфилов көшесіндегі құрғақ субұрқақты қиратып кетті. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Қаланың жасыл экономика басқармасының хабарлауынша, 25 ақпан күні шамамен кешкі сағат 17:00 - де «Алматы Тазалық» МКК жүк көлігі қарды шығарып жатып, Панфилов көшесіндегі құрғақ субұрқақты қиратып кеткен.

«ЭкоАлматы» ЖШС полицияға шағым түсірді. Хаттама жасалды. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, келтірілген шығынды есептеп жатыр. Субұрқақты жөндеу жұмыстары «Алматы Тазалық» мекемесі есебінен жүзеге асырылады»,- деп хабарлады басқармадағылар.

Сондай-ақ, «ЭкоАлматы» мен Жасыл экономика басқармасы қызметкерлері «Алматы Тазалық» мекемесіне субұрқақтары орнатылған көшелермен жүруге рұқсат етілген арнайы техниканың өлшемдері туралы айтты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации