Қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылды

24 қаңтар, 18:43

Фото: ғаламтордан

 Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қарға батқан көлік жүргізушілеріне көмекке келуде. 

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше Ұлан ауданындағы тасжолда қар құрсауында қалған «Нива» және «Ланд Крузер» автокөліктерінің жүргізушілерінен хабар түскен. «Құтқарушылар оқиға орнына бірден аттанды. Екі көлік арнайы техниканың көмегімен қардан шығарылды. Бұдан бөлек, Шемонаиха ауданында «Мерседес Спринтер» және «ВАЗ» көліктері жолда қалған. Оларға да көмек көрсетілді. Барлығы 8 адам эвакуацияланды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации