Қай өңірдің автобус жүргізушілері ең көп ереже бұзады?

26 қазан, 09:46

Фото: ғаламтордан

  Үш күнде автобус жүргізушілері жол ережесін 10 мыңға жуық рет бұзған. ҚР Ішкі істер министрлігі ел аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр.

Алматы, NEGE. «Жедел алдын алу іс-шарасына полиция қызметкерлерімен бірге көліктік бақылау, төтенше жағдай органдарының қызметкерлері, қоғам өкілдері қатысты. Үш күндік рейд барысында автобус жүргізушілері жасаған жол қозғалысы ережелерін бұзудың 10 мыңға жуық жағдайы анықталды. Олардың ең көбі Түркістан (1063), Қарағанды (794), Алматы (775), Павлодар (715), Шығыс Қазақстан (708) және Маңғыстау (704) облыстарында, сондай-ақ Алматы (744) мен Нұр-Сұлтан (702) қалаларында анықталды», - делінген Polisia.kz сайтындағы мәліметте. Сонымен қатар, полицейлер мас күйінде жолаушылар көлігін басқарудың 15 фактісінің жолын кесті. Барлық жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан айырылатын болады. Бұдан басқа, еңбек және демалыс режимін бұзудың 43 фактісі, сақтандыру заңнамасын бұза отырып көлікті басқарудың 264 фактісі, техникалық байқаудан өтпеген және заңсыз қайта жабдықталған 1 мыңнан астам автобус, жылдамдықты арттырудың 300-ге жуық фактісі анықталды.

Жолаушыларды тасымалдау кезінде 1700-ден астам автобус жүргізушісі телефонды пайдаланған, сондай-ақ 114-і жолаушыларды заңсыз тасымалдаған. Заң бұзушылықтары бар автобустарды жолға шығарғаны үшін автобус парктері басшыларының қатарынан 126 лауазымды адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жекелеген жағдайларда жолаушыларды тасымалдауға арналған шарттарды бұза отырып, лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды. 377 заңсыз қайта жабдықталған автобус, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған техникалық жай-күйі қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдары анықталды. 292 көлік құралы айып тұрағына қойылды. Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция және ТЖМ қызметкерлері автобустардың алдағы қыс кезінде пайдалануға сәйкестігін тексерді. Жалпы, биылдың тоғыз айындағы деректер бойынша автобус жүргізушілерінің кінәсінен болған жол-көлік оқиғаларының саны 39 пайызға төмендеген

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации