Қай өңірде қылмыс өршіп тұр?

16 қазан, 15:48

Фото: google.com

2020 жылдың III тоқсанында елімізде 126 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті.

Алматы, NEGE. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері бойынша 2020 жылғы III тоқсанда 126 499 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 34,4 пайызға кем. Республикадағы қылмыс деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 90 тіркелген қылмысты құрады.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 10 мың тұрғынға шаққандағы ең жоғары қылмыс деңгейі Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында, ең төмені Түркістан облысында байқалады.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 65,2 пайызға артты. Қылмыстар құрылымында олардың үлес салмағы 31,5 пайыз (2019 жылғы III тоқсанда – 12,1%) тиісінше, ауырлығы орташа және төмен қылмыстар 50,9 (72,7%) және 17,6 пайызды (15,2%) құрады.

«2020 жылғы III тоқсан нәтижелері бойынша тіркелген қылмыстардың ішіндегі ең үлкен үлесті меншікке қарсы қылмыстар алады - 73,6 пайыз (2019 жылғы III тоқсанда – 79,2%). Олардың көпшілігі басқа біреудің мүлкін ұрлау – 52,8 мың оқиға (109 мың оқиға.). Қылмыстың осы тобында өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізуге байланысты жағдайлар 74,2 пайызға артқанын атап өту керек», – деді комитеттен.

Ведомство мәліметінше, жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар саны 7 052 оқиғаны құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11,7 пайызға аз. Зорлау – 39,6, қорқыту – 26,4, адам ұрлау – 24 пайыз төмендеген.

Сонымен қатар, қасақана кісі өлтіру және адам өлтіруге оқталу саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15,4 пайызға артты. Республикада адам өлтіру деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 4,8 құрады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 100 мың адамға шаққандағы адам өлтірудің ең жоғары деңгейі Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, ең төмені Шымкент қаласында байқалады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации