Интернет сапасы жақсара ма?

20 қараша, 17:56

Фото: google.com

Алматы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев онлайн брифинг барысында мегополисте интернет сапасын жақсарту мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. 

Алматы, NEGE. «Интернет сапасын жақсарту жұмысын біз бір жыл бұрын бастадық. Қазір Алматы қаласы бойынша 200-ден астам нүкте бар, байланысы нашар нүктелер жабылды. Қала және агломерация периметрі бойынша жекеменшік сектордағы нүктелерді жабуға назар аударылып отыр», – дейді Баян Қоңырбаев.

Оның айтуынша, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, антенна-діңгек құрылысын салу және базалық станса орнату үшін 67 нүкте белгілеген. Бұл нүктелер ұялы байланыс операторлары мен Алматы қаласы әкімдігіімен келісілді.

«LC Commerce» ЖШС компаниясы жаңа 25 нүкте бойынша зерттеу жүргізді және «МТ-С» ЖШС-мен радио-жоспарлау бойынша мәселелерді келісті. «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС осы нүктелер бойынша санитарлық паспорттарды алу үшін жұмыс істеуде.

«Кар-Тел» ЖШС 12 жаңа стансаны іске қосты, сондай-ақ 3 нүкте бойынша жұмыс жүргізілуде. Тағы 9 базалық станса іске қосылды», – дейді спикер.

Бүгінгі таңда білім басқармасымен бірлесіп интернеті нашар нүктелер пысықталуда, сондай-ақ білім басқармасы берген нүктелер екі мобильді оператормен қамтылды.

Сонымен қатар, ол жеке инвесторлар «Билайн» компанияларының жаңа стансасын іске қосқанын атап өтті. «Кеңсай» шағынауданында желтоқсан айының ортасына дейін жаңа базалық станса орнатылады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации