Хоккейден Қазақстан чемпионатында плей-оффқа шыққан командалар белгілі болды

02 наурыз, 14:42

Фото: ғаламтордан

Плей-оффқа шыққан командалар белгілі болды. Елімізде хоккейден ішкі біріншілік жалғасып жатыр. Негізгі чемпионаттың аяқталуына әлі бір апта бар.

Алматы, NEGE. Бірақ келесі кезеңге өтетін 8 команда анықталып қойды. Әсіресе «Алматы» командасының  тағдыры жанкүйерлерді алаңдатқан. Владимир Князев баптайтын жігіттер күні кеше өскемендік «Торпедомен» жолығып, 2:1 есебімен ұтты. Соның арқасында плей-оффқа жолдама алды. Бұған қоса, жарыстың кезекті күні Бейбарыс пен Құлагер командалары кездесіп, негізгі ойын уақытын тең нәтижемен аяқтады. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмады. Ал, буллиттер сериясында солтүстік қазақстандық хоккейшілердің жолы болды. Қорытынды есеп: 1:2. Горняк-Арлан матчында 0:3, ал, Ертіс-Алтай матчында 1:7 есебі тіркелді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации