Хакерлер Microsoft сервері арқылы мәліметтер ұрламақ болған
06 наурыз, 14:15

АҚШ-та Microsoft компаниясының бағдарламалық құрылымының әлсіздігінен 30-дан астам ұйымның мәлімметтері қолды бола жаздады.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Пскаи мәлімдеді. Мәселе бірлестіктің «Иксчейндж Сервер» деп аталатын бағдарламалық жүйесімен байланысты болып отыр. Бірнеше күн бұрын қытайлық хакерлер осы жүйенің пошталарын шабуылдап, түрлі ұйымдардан жұқпалы ауруларға қатысты ақпарат алмақ болған. Ол үшін хакерлер ұрланған құпия сөздерді пайдаланып, серверлерді қашықтан басқаруға тырысқан. Қытай тарапы айыптардың бәрін жоққа шығарып отыр.