Елордада білім беру бөлімінің басшысы күдікке ілінді

07 сәуір, 10:18

Фото: ғаламтордан

 Нұр-Сұлтан қалалық білім беру бөлімінің басшысы бюджет қаржысын талан-таражға салды деген күдікке ілінді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді. Сала басшысына жабдықтарды жоғары бағамен сатып алды деген айып тағылды. Қажетті сараптама жасалған. Тергеу амалдары жүріп жатқандықтан, өзге ақпарат әзір жарияланбайды. Құзырлы орган өкілінің мәліметінше, соңғы жылдары сыбайлас жемқорлық қылмысы азайған.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов: "Жылдан жылға с/б факті азайып бара жатыр. Былтыр 2 200 факті тіркелді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5 процентке төмен. Биыл жыл басынан бері 228 факті тіркерді, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 46 процентке төмен", – деді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации