Елорда: Бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

25 ақпан, 10:18

Фото: ғаламтордан

 Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», - деді қалалық Білім басқармасынан.

Нұр-Сұлтанда аздаған қар жауып, термометр бағаны -25 градусты көрсетіп тұр. Сезілу -36 градус. Еске салайық, ауа райына байланысты Атырау облысында да кезекші сыныптар онлайн оқу форматына көшірілді. Синоптиктер 25-27 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде аяздар сақталатынын ескерткен болатын. Сондай-ақ жекелеген өңірде қар жауып, боран соғатыны айтылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации