Еліміздің біраз бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

03 наурыз, 08:45

Фото: ғаламтордан

 Осыған байланысты синоптиктер 12 облысқа ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл өңірлерінде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Тұман басады. Жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Дәл осындай жағдай Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында да байқалады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін күшейеді. Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында да қатты жел болады дейді синоптиктер.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации