USD
USD
USD

Елімізде бір жылда 126 жекеменшік мектеп ашылды

Соңғы екі жылда елімізде жекеменшік мектептердің құрылысы белсенді жүріп жатыр. Барлық оқу ұйымдары мемлекеттік білім беру тапсырысын алады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Елімізде бір жылда 126 жекеменшік мектеп ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «2019-2020 жылдары 40 мыңнан астам оқушыға арналған 126 жекеменшік мектеп ашылды. Бұған меншік нысанына қарамастан, жалпы білім беретін мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды және мемлекеттік қолдау құралдарын енгізу ықпал етті. Мектептердің құрылысы есебінен оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымды мектептер мәселесі шешімін табады», - деп атап өтті Бибігүл Асылова. Вице-министр атап өткендей, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі ынтымақтастыққа қатысты консультацияны бағдарлама операторы - «Қаржы орталығы» АҚ береді.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді: Тоқаев ауқымды құрылыс жоспарын жариялады

Қазақстан Халқына Жолдау

«Битумды сылтауратпаңдар»: Тоқаев жол сапасын қатаң сынға алды

жол

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялауға кірісті

вице-президент

Павлодар облысында Алтын Орда дәуірінен қалған көне темір өндірісі анықталды

Баянауыл аударнындағы археологиялық іздер