Елбасы Сыртқы істер министрін қабылдады

12 қаңтар, 19:17

Фото: google.com

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, – деп хабарлайды Elbasy.kz.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында биыл Қазақстанның Тұңғыш Президенті қатысатын сыртқы саяси іс-шаралардың кестесі қарастырылды.

«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) және Нұрсұлтан Назарбаев Құрметті төраға болып саналатын Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативті кездесулеріне ерекше назар аударылды.

Елбасына Қазақстанның одақтастары мен стратегиялық серіктес мемлекеттеріндегі жағдай және біздің еліміздің ЕЭО-дағы төрағалығы аясындағы жұмыстың басым бағыттары талқыланды», – деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации