«Буынсыз бала» күйші болғысы келеді

27 қаңтар, 19:52

Фото: google.com

Ел ішінде қайталанбас, ерекше қабілеті бар баланың бірі – Азамат Нұрқожа. 13 жастағы өнерпазды «пластилин-бала» деп те атайды.

Алматы, NEGE. Азамат балқыған темірдей кез-келген қалыпқа оңай түсіп, түрлі бағытта бүгіле алады. Ерекше қабілетін бағалаған режиссерлер оны киноға да шақырған.

13 жастағы Азамат Нұрқожа Ақтаудағы №8 мектепте оқиды. Анасының айтуынша, балақайдың өнерін үш жасында байқаған. Осы жасында бүлдіршін шпагатқа отырып, бес жасында аяғын мойнына асып қойып жүріпті.

«Түнде кейде бұралып ұйықтай береді. Алғашында үрейленіп, кейін бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, туыстарға жіберетін болдық. Біраз жарыстарға да қатысып, таныла да бастады. Азамат ең алғаш 7 жасында «Баланың бәрі таланты» бағдарласына қатысқаны үшін «Маңғыстау» телеарнасының басшысынан алғыс хат алған болатын» – дейді Азаматтың анасы Байбозова Жанна.

Азамат болашақта атақты күйші болуды армандайды.

Буынсыз бала ретінде оған бірнеше ұсыныс түскен. Алайда ол домбыра құлағында ойнап, жоғарғы деңгейдегі күйші болғысы келеді.

Ол 2018 жылы «Балапан» телеарнасында «Дара бала» тележобасының қатысушысы; Республикалық «Қазақстан таланттары» байқауында дипломант; Халықаралық «Бала шабыты» байқауында II орын; «Ұлы дала ұрпағымыз» жарысында лауреат; «Таңғы шұғыла» байқауында «буынсыз бала» номинациясының I орын иегері; Халықаралық «Звезда удачи» додасының I орын жүлдегері болған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации