Бүгінгі ауа райы қандай?

28 қазан, 08:34

Фото: inform.kz

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады.

Алматы, NEGE. Елдің тек батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола облысында желдің екпіні түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді. Ж амбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман болжанады. Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации