Борат Қазақстанға келмекші

03 наурыз, 15:23

Фото: ғаламтордан

Танымал комик Саша Барон Коэн өз сұхбатында Қазақстанға келу туралы ойын айтты.

Алматы, NEGE. Биылғы «Алтын глобус» номинанттары белгілі болғанда, «Борат 2» фильмі 3 категория бойынша сыйға ұсынылды. Нәтижесінде екеуінен жеңімпаз атанды. АҚШ-тағы қазақ диаспорасының бір бөлігі «Алтын глобус» басшылығына Коэнді нәсілшілдік үшін айыптап, фильмді номинанттар тізімінен шығаруды сұрады. Алайда актер өз кезегінде тек жымиып, қалжыңға айналдыра берді.

Маған Қазақстан халқы әзіл түсінетін ел, Боратты қуанышпен қабылдағанын айтты, – деді Саша Барон Коэн ресейлік «Известия» газетіне берген сұхбатында.

Саша Барон Коэн Қазақстанға баруға жоспарда бар ма деген сұраққа: «Егер шақырса, мен қуана-қуана барамын», – деп жауап берді ол.

«Айыпталушы болу – сатириктің жұмысының қалыпты бөлігі. Барлық сот бұл талаптарды қабылдамайды, өйткені кез келген елдің заңдарына сәйкес сатириктер сотталмайды. Біздің мамандығымыз — сатира жасау. Ол заңды түрде жұмыс істейді. Оның тіпті салық коды бар. Егер сатириктер сатира жасауды тоқтатса, онда олар салықты қалай төлейді? Жоқ, мен сот  процесінен қорықпаймын. Керісінше, мені біреудің сезімін қорлағаны үшін жауапқа тартуға тырысқан сайын, фильм соғұрлым сәтті болады», – дейді Саша Барон Коэн.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации