Болатбек Каюпов қанша пара алған? news video

31 қазан, 16:31

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.

Алматы, NEGE. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен оның көмекшісіне қатысты тергеуді бастады. 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында олар компания директорынан медициналық жабдықтарды (мониторларды) жеткізуге ЖШС-мен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар мен материалдық құндылықтарды қабылдау актілеріне кедергісіз қол қою үшін жалпы сомасы 7 800 000 теңге пара алған. Ал ЖШС-мен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жалпы сомма 78 000 000 теңге», – деді тергеуші брифингте.

Данияр Биғайдаровтың айтуынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен көмекшісі ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы («Ұстау негіздері») бойынша Оралдағы уақытша тергеу изоляторына қамалған. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации