Бірнеше өңірде тасжолдар ашылды

24 қаңтар, 17:29

Фото: ғаламтордан

 Республикалық маңыздағы бірнеше жолда көлік қозғалысы жанданды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасында жарияланды.

Алматы, NEGE. Ақмола облысында сағат 12:00-де Нұр-Сұлтан – Петропавл тасжолының 18-231 шақырымындағы елорда мен Щучинск арылығында қозғалыс ашылды. Жамбыл облысында Алматы – Ташкент – Термез тасжолының 536-593 шақырымындағы Айша бибі А учаскесі мен Түркістан облысының шекарасы аралығында көлік қозғалысы жанданды. Тараз – Шымкент жолында шектеулер алынып тасталды, қозғалыс автокөліктің барлық түрі үшін қалпына келтірілді. Түркістан облысында Алматы – Ташкент – Термез жолының 593-654 шақырымындағы жол ашылды. Қызылорда облысы аумағындағы Самара – Шымкент тасжолының 1912-2057 шақырымындағы Бәйгеқұм мен Түркістан облысы шекарасы, Түркістан облысы аумағындағы 2057-2175 шақырымы арасындағы көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации