Бірқатар өңірде көктайғақ болып, дауыл тұрады

23 қазан, 09:22

Фото: ғаламтордан

Бүгін бірқатар өңірлерде күн суытады. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша Алматы облысында жел күшейіп, жаңбыр жауады.

Алматы, NEGE. Ақмола облысында дауыл тұрады деген болжам бар. Көкшетауда көктайғақ болса, ал Қызылорда өңіріне ызғар түседі. Шығыс Қазақстанда да тұман түсіп, көктайғақ қатады деп күтілуде. Өскемен мен Семейде қатты жел тұрады. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында көктайғақ пен дауыл болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации