Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

13 қаңтар, 09:20

Фото: ғаламтордан

Бүгін де еліміздің біраз бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіліп отыр. 

Алматы, NEGE. Әсіресе, Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарында желдің екпіні күшейіп, көктайғақ болады. Түркістанда қар аралас жаңбыр жауады. Бұл жол қозғалысын қиындатуы мүмкін. Ал, Қарағанды облысындағы желдің екпіні кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жетеді. Осы және өзге де жағдайларды ескеріп, «Қазгидромет» мамандары 11 аймақта дауылды ескерту жариялады.

Оның ішінде Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Қызылорда, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Барлығында дерлік тұман болып, жел күшейеді. Осыған байланысты елімізді біраз бөлінінде жолдағы шектеулер алынбады. Атап айтқанда, дәл қазір Нұр-Сұлтан – Теміртау, Ерейментау – Павлодар, Қарағанды – Атасу, Қарқаралы – Қарағанды және Арқалық пен Сәтбаев арасындағы жолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалысқа тыйым салынған. Ал, Өскемен мен Серебрянск арасында қалыптасқан жағдайға байланысты жүк көліктері әзірге қатынай алмайды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации