Бір тәулік ішінде көшеде 27 қылмыс жасалған

04 мамыр, 16:13

Фото: inbusiness.kz

Бір тәулік ішінде Қазақстан көшелерінде 27 қылмыс жасалған ІІМ арнайы іс-шарасы нәтижесінде іздеуде жүрген 114 қылмыскер ұсталды. ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ел көшелерінде «құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. «Тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 27-29 сәуір аралығында республика аумағында ішкі істер органдары «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Үш күндік жедел алдын алу іс-шарасы барысында елімізде 1,5 мыңға жуық қылмыс тіркелді. Оның ішінде 130 - дан астамы қоғамдық орындарда, оның 35 көшелерде жасалды», - деді Нұрділдә Ораз ІІМ брифингінде.

Оның айтуынша, кезекші тәулікте мыңнан астам қылмыс ашылған. Оның ішінде 85 қылмыс қоғамдық орындарда, оның ішінде 27 құқық бұзушылық көшелерде орын алған. Сондай – ақ, бұрын жасалған 338 қылмыс ашылды. Оның ішінде 3 – кісі өлтіру, 2 – қарақшылық және 21 – тонау.

«Іздеуде жүрген 114 қылмыскер ұсталды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 440 адам ұсталды. Оның ішінде 108 азамат есірткі заттарын сақтағаны үшін (барлығы 9,5 кг - нан астам есірткі тәркіленді қамауға алынды. 49 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде тыныштықты бұзғаны үшін 2 мыңға жуық азамат, алкоголь ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 6,5 мың азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтті спикер.

Бұдан басқа, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын 400-ден астам ата-ана, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта мекемелерде немесе тұрғын үйден тыс жерлерде болуының 3 мыңнан астам фактісі анықталды. Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 3 мыңға жуық адам жауапкершілікке тартылды. Жол қауіпсіздігі саласындағы өрескел бұзушылықтар үшін де жауапқа тартылғандар бар. Атап айтқанда, қозғалыс жылдамдығын арттырғаны үшін 5 мыңға жуық жүргізуші, қарсы жолға шыққаны үшін 300 – ден астам жүргізуші, мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 400-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации