Білім министрлігі мектепте смартфонға тыйым салуы мүмкін

12 қаңтар, 14:55

Фото: ғаламтордан

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ-дегі брифингте мектептерде смартфон пайдалануға тыйым салуды көздейтін бұйрық жобасына қатысты сұраққа жауап берді.

Алматы, NEGE.  – Бұл бұйрық қоғамдық талқылау үшін шығарылып отыр. Мұндай бұйрықтар қоғамның пікірін, педагог-әріптестеріміздің пікірін білу үшін шығарылады. Сондықтан бұйрық талқыланып болғаннан кейін біз қоғамдық порталға түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлерге қарап, міндетті түрде тиісті өзгертулер енгіземіз, – деді Каринова.

Оның сөзінше, мұндай жұмыс бұл бұйрыққа ғана қатысты емес, БҒМ шығаратын барлық бұйрықтар бойынша жүргізіледі.

– Телефон пайдалануды шектеу мәселесі көптен бері талқыланып келеді. Әрі тек біздің елде ғана емес. Түрлі пікір бар. Біз бұл мәселені әлі де зерттеп, түпкілікті шешім қабылдаймыз, – деді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации