Бейсен Құранбектің әжесі өмірден озды

03 наурыз, 14:29

Фото: Фейсбук

Қаралы хабарды Серік Әбікенұлы фейсбук парақшасында жариялады.

Алматы, NEGE. «Ғасыр жасаған, аштық, қуғын көріп аман қалып, бір әулеттің саясы болған апамыз қайтты. Бейсекең өстіп құшақтап, “Апа-ау, ақынның баласы келді!” – десе қос қолын созып маңдайдан сүюші еді. Одан кейін бата беретін. Баршаның тілеуін тілеп отыратын. Апа үшін Бейсені командировкада жүр… Ертең сағат 10.00-де, Қызылжар ауылында жаназасы шығарылады. Иманды болыңыз, апа!», – деді Серік Әбікенұлы.

Марқұм Бейсен Құранбек ата-әжесінің баласы боп, өз әкесін «аға», анасын «тәте» деп өткен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации