Баянауыл ауданының бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты

18 қаңтар, 18:42

Фото: 24.kz

Оразгелді Қайыргелдинов облыстық бюджеттен бөлінген 240 млн теңгеге аэродром ғимаратын заңсыз сатып алғаны үшін айыпталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Сот материалдарына сүйенсек, шенеунік 2016-2019 жылдары аралығында аэродромды салу жөнінде заңсыз шешім қабылдады. Тергеу барысында нысанның қолданыс және әуе қауіпсіздігі талаптарына сай болмағаны анықталды. Күдіктінің кінәсі толық дәлелденді және ол кінәсін толық мойындады. Тиісті сараптамалар жасалды. Сот барысында айыптаушы тарап экс-әкімді төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот тарабы күдіктінің жасы мен кінәсін толық мойындауын ескеріп, бостандығын 3 жыл 6 айға шектеу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар 63 жастағы бұрынғы әкім мемлекеттік қызметтен өмір бақи шеттетілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации