Ажырасқандардың 70 пайызы алимент төлемейді

22 қазан, 19:53

Фото: google.com

Қоғамда әйел адамның рөлін көтеру керек. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кеңес мүшесі Ләззат Қожахметова мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Қоғамда отбасы институтының төмендегені жасырын емес. Ажырасулар көп, соның ішінде әкелердің 70 пайызы алимент төлемейді екен. Алимент өндіру заңының қатаңдатылуын қалаймыз. Ажырасқан ер азаматтардың жауапкершілігі төмендеген. Сонымен қатар, әйел адамдар медиада зорлық-зомбылықтың құрбандары ретін елімізде көп насихатталады. Өздерін қорғансыз сезінуде. Соған байланысты қоғамда әйел адамның рөлін көтеруге ұсыныс жасаймыз», – деді Л. Қожахметова.

Осы орайда, ол мемлекеттік басқару ісінде, квазимемлекеттік секторда, ұлттық компанияларда жетекші лауазымда істейтін әйелдер өте аз екенін айтты.

«Егер әйел адам тұлға ретінде қалыптасатын болса, бұл баланың келешегіне, отбасының нығаюына және қоғамның дамуына өте үлкен серпін әкелетіні сөзсіз», – деді кеңес мүшесі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации