Аязда баласын аялдамаға қалдырған ана кім?

27 қараша, 12:13

Фото: inform.kz

Павлодар облысында баласын далаға қалдырған ана ұсталды.

Алматы, NEGE. Павлодар облысында баласын далада қалдырған ана ұсталды, деп хабарлайды  Polisia.kz ресурсы.

Павлодарда учаскелік полиция инспекторларының жедел іс-қимылының арқасында баласының өмірін қатерге тіккен 33 жастағы ана ұсталды.

26 қараша сағат 20.40-та полицияға Павлодар қаласындағы «Автовокзал» трамвай аялдамасының орындығынан 8-9 айлық азиат типтес бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Көзбен шолып қарау кезінде балада көзге көрінетін дене жарақаты анықталған жоқ. Дереу табылған бала туралы бағдар жасалып, барлық аумақтық және шекара маңындағы аудандарға таратылды. Жақын маңдағы барлық көшелер тексерілді, куәгерлер мен көрген адамдар сұралды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары қыс мезгілінде үлкен жұмыс атқарды.

Нәтижесінде учаскелік инспекторлар 32 жастағы жергілікті тұрғын басқарған «Toyota Camry» автокөлігін анықтады. Оның айтуынша, ол «InDriver» мобильді қосымшасы арқылы жолаушылар тасымалымен айналысады. 26 қарашада ол Семей қаласынан Павлодар қаласына баласы бар әйелді алып келіп, автовокзалға қалдырған. Екі сағаттан астам уақыт аралығында күдікті әйел ұсталды.

«Оқиға бойынша ҚР ҚК 119-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция қызметкерлері әйелдің жалғызбасты ана екенін, асырауында кәмелетке толмаған екі ұлы (9 жас, 1,2 жас) бар екенін анықтады.

Үлкен ұлы әжесімен бірге Екібастұз қаласында тұрады. Соңғы жылдары әйел Тараз қаласында тұрған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации