Атырауда жаңа облыстық онкологиялық диспансер салынады

20 қараша, 11:15

Фото: ғаламтордан

Өңірде жеке инвестициялар есебінен жаңа ғимараттың құрылысы талқыланды, деп хабарлайды Атырау облысының Коммуникациялар қызметі.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында  Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы баяндады.

- Өздеріңіз білетіндей, Атырауда бас онкологиялық диспансердің ғимараты ескірген, 47 жыл болды. Қазіргі уақытта  жаңа ғимарат салу мәселесі Атырау облысы әкімдігінің басшылығымен талқылануда. Жаңа орталық - науқастардың оңалту сапасын жақсартып, халыққа мамандандырылған онкологиялық көмек көрсетеді. Осының барлығы жоғары технологиялық-диагностикалық әдістемелер мен жабдықтарды пайдалана отырып, заманауи деңгейге сәйкес бір нүктеге тоғыстырылады. Жаңа жобаны екі жыл ішінде жүзеге асыру  жоспарланған, - деді Асхан Мархабайұлы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации