Анасы ұрып-соққан 3 жасар қыздың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қайта қаралды

02 наурыз, 13:53

Фото: polisia.kz

СҚО полицейлері анасы ұрып-соққан үш жасар қыздың қайтыс болуына байланысты қылмыстық істі қайта саралады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Петропавлда облыстық ауруханаға дене жарақаттарымен жеткізілген кішкентай қыз көз жұмды. Дәрігерлер оның өмірі үшін 17 қаңтардан бері күресіп келді.

Кәмелетке толмағанға қатысты көрінеу денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қыздың қайтыс болуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды, онда 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Осы қылмысты жасағаны үшін баланың 1998 жылы туған анасы ұсталды, оған қатысты “қамауға алу” бұлтарпау шарасы таңдалды. Күдікті тергеу изоляторында қамауда.

Қылмыстық істің тергелу барысы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті мен облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауына алынды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации