Алматылықтарға ескерту жарияланды

12 қаңтар, 18:31

Фото: google.com

Алматыда 13 қаңтарда түнгі уақытта қар жауып, күндіз қалың қарға ұласуы мүмкін, – деп хабарлайды Қазгидромет мамандары.

Алматы, NEGE. Осыған байланысты синоптиктер ескерту жариялады.

«Коммуналдық қызметтердің қар тазалау жұмыстарын дер кезінде әрі сапалы атқарулары үшін автокөлік жүргізушілерден қалада көлік қозғалысын барынша азайтуды, жеке көліктерін жол жиектеріне қоймауды, бұл іске түсіністікпен қарауды сұраймыз. Қар тазалауға кедергі жасайтын көліктердің эвакуатормен басқа орындарға жіберілетінін ескертеміз.

Көлікпен жүру өте қажет болса, онда жүргізушілерді жылдамдықты азайтуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және кенеттен маневр жасамауға, жол-көлік апатын болдырмауға шақырамыз», – деді синоптиктер.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации