Алматыда журналистер аллеясы ашылды

26 қазан, 10:16

Фото: Досжан Балабекұлы

 Алматы қаласында Абай даңғылының бойында орналасқан «Алматыбасжоспар» ғимаратының алдында 200-ге жуық көшет отырғызылды. "Журналистер аллеясының" ашылуына бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет ететін 187 журналист атсалысты. 

Алматы, NEGE. Журналистер көшеттерді отырғызып, өздері суарды. Жасыл экономика Басқармасының мамандары жиналғандарға ағаштарды күту ережелерін сипаттайтын парақшалар таратты. Онда көшеттер арасында 4-5 метр қашықтықты сақтау, әр талға 60х60 см шамадағы шұңқыр қазу секілді негізгі нормалар көрсетілген. Өсімдік тіршілігінің жетілуіне қажетті ең басты алғышарт - молынан суару.  Атап айтқанда, жылына - 72 реттен кем болмауы керек.

Наталья Ливинская, Алматы қаласы әкімдігінің жасыл экономика Басқармасының жетекшісі:

- Бүгінгі көшет отырғызу шарасын ұйымдастырудың алдында біз қаламыздағы ботаникалық бақ қызметкерлерімен және көгалдандыру мамандарымен кеңестік. Сарапшылардың пікірін тыңдай келе, талшын ағашын отырғызуды жөн көрдік. Бұл ағашты таңдауымыздың бірнеше себептері бар. Біріншіден, көпшілік оны қаланың тарихымен байланыстырады. Екіншіден, жарықтың түсуі, аймақтың белгілі бір деңгейдегі желдетілуі, яғни климаттық жағдайға толықтай сәйкестігі себеп болды. Үшіншіден, тұрмыстық кедергілер есепке алынды, мәселен, жер астындағы су, электр, телефон секілді коммуникация желілеріне кедергі келтірмеу жағын да қарастырдық. 

«Біз талшын ағашын таңдадық, өйткені ол шаһармен байланысты алғашқы Алматы ағашы.  Екінші себеп: жер астындағы барлық жерде байланыс бар: инженерлік желілер, су, электр, телефон желілері және т.б.  Бұл аумақ ерекше жағдай емес, ал каштанның тамыры өте қысқа бар болғаны үш метр.  Жалпы, қала экологтардың, горзеленстрой мамандарының ұсыныстарын ескере отырып, секторларға аудандастырылған », - деп түсіндірді, Алматы қаласы әкімдігінің жасыл экономика Басқармасының бастығы Наталья Ливинская.


 Жасыл экономика Басқармасының хабарлауынша, 2020 жылдың соңына дейін Алматыда 250 мың ағаш отырғызылады. Сол көшеттердің 176 000 Алатау ауданына отырғызлады деп жоспарланған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации