Алматыда ұшақ апатынан аман қалған науқастардың жағдайы ауыр

07 сәуір, 09:22

Фото: ғаламтордан

 Алматыда ұшақ апатынан аман қалған екі азамат әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы, NEGE. Жағдайы ауыр. Дәрігерлер науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтады. 13 наурызда Алматы әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің апатқа ұшыраған АН-26 ұшағында 6 адам болған еді. Төрт экипаж мүшесі оқиға орында қаза тапты. Түрлі дене жарақатын алған екі әскери азамат сол күні шұғыл аурухана жеткізілген еді.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі Лаура Мырзағали: "Біздің дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін күресуде. Жағдайлары ауыр. Емдедіп, қатарға қосылу үшін қолдан келетін барлық көмек көрсетіліп жатыр", – деді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации