Алматыда көп қабатты үйден өрт шықты

27 қараша, 12:43

Фото: ғаламтордан

  Алматыда көп қабатты үйде пәтер өртеніп, қарт әйел жапа шекті.

Алматы, NEGE. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, өрт таңғы 04:09-да тұтанған. «Өрт сөндірушілер дереу Әуезов ауданындағы 1-шағынаудан №43 мекенжайына жетті. Олар келгенде үшінші қабаттағы пәтер өртеніп жатқан. Тілсіз жау балкон арқылы 4-қабатқа, шатырға өрлеп бара жатты. Қауіпсіз жерге тұрғын үйдің 10 тұрғыны, оның ішінде 3 бала шығарылып үлгерді. Өрт сөндірушілердің әрекетінің арқасында тілсіз жау 34 минутта ауыздықталды», - деді ТЖД баспасөз қызметінен. Өртті сөндіруге 10 техника мен 30 қызметкер жұмылдырылды. Төтенше жағдайдан 80 жастағы қарт әйел жапа шеккен. Жедел жәрдем №7 ауруханаға жеткізілді. Көршілердің айтуынша, әйел жалғызілікті болған, арасында күтушісі ғана келіп жүрген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации