Алматыда кинотеатрға кірмек болған науқастар «Ashyq» жобасы арқылы анықталды

18 сәуір, 10:49

Фото: ғаламтордан

Алматыдағы бес кинотеатр «Ashyg» жобасы бойынша жүмысын бастайды.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, кинотеатр қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында бәрі штаттық режимде еш қиындықсыз өтті. Кинотеарға келгендер QR-кодты сканерлеп, «көк» және «жасыл» мәртебесі анықталған бойда «билет кассалары» аймағына, одан кейін залға кірді. «Алайда кинотеатрлардың бірінде үш алматылықты «билет кассалары» аймағына өткізбеді. Өйткені, QR кодын сканерлеу кезінде «қызыл» статус анықталды. Яғни, олар коронавируспен ауырғандар және үй карантинінде болуы керек еді»,- деп түсіндірді Сәдуақас Байғабылов.

Өздерінің «қызыл» мәртебелерін көргеннен кейін, олар кинотеатрдан шығып кетті. Олардың екеуі - ерлі-зайыптылар. Айта кетейік, 9-15 сәуір аралығында 235 алматылық «Ashyq» өтуге тырысып, мекемеге кірмек болған. Оның ішінде 211 алматылықта «қызыл», 24-де «сары» белгі болған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации