Алматыда кей ғимараттар жылусыз қалды

20 қазан, 19:41

Фото: google.com

Алматының Медеу ауданында кейбір ғимараттар жылудан ажыратылды.

Алматы, NEGE. Жолдасбеков – Назарбаев – Чайкина – Тәттімбет көшелерінің шаршысындағы ғимараттарға жылу беру уақытша тоқтатылды.

«Уақытша қолайсыздықтар жылу желілерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты туындап отыр. Тұрғындардан түсінікпен қарауын өтінеміз», – деді «Алматы жылу желілері» АҚ баспасөз қызметінен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации