Алматыда 60 адамға арналған той басталмай жатып тоқтатылды

17 сәуір, 19:49

Фото: mail.kz

Алматыда 60 адамға арналған той басталмай жатып тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігі жанындағы мониторинг тобы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Түрксіб ауданының мониторинг тобы карантиндік шаралардың сақталуын тексеру кезінде Ақан Сері көшесінде орналасқан «Симфония» кафесінде банкетке дайындық фактісін анықтады. Сөйтіп, 60 адамға арналған тойды тоқтатты. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаевтың айтуынша, шараны ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама жасалған. Шектеу іс-шараларын бұзу фактісі бойынша заңды тұлғаға тиісті материалдар ресімделді, мәліметтер сотқа өткізіледі. Нысанның өзіне 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Мониторинг тобының жедел жұмысының арқасында адамдардың жаппай жиналуы және жұқтыру қаупі жоғары шара өткізілмеді. Алматы әкімдігі, қала тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қалада енгізілген барлық шектеу шараларын орындауға шақырады. Тәуекел тобындағы адамдарға, созылмалы аурулары бар қарт адамдарға - мүмкіндігінше үйде отыруға және әлеуметтік байланыстардан, атап айтқанда тойларға, жерлеу рәсімдеріне және т.б. шараларға қатысудан аулақ болуға кеңес берді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации