«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады

03 наурыз, 10:23

Фото: ғаламтордан

Қаладағы жастардың тұрғын баспана мәселесін шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкінің» желідегі парақшасы хабарлайды.

Алматы, NEGE. Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10-31 наурыз аралығында жүргізіледі. Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі-5%; Бастапқы жарна-10% Қатысуға өтінімді: www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады. Сонымен қатар, енді үйреншікті 13 миллионның орнына несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгертілді.

Қай санаттағы азаматтар қатыса алады?

• Медицина қызметкерлері;

• Білім беру қызметкерлері;

• Мәдениет қызметкерлері;

• Спорт қызметкерлері;

• Жоғары оқу орны қызметкерлері;

• Әлеуметтік сала қызметкерлері;

• БАҚ қызметкерлері;

• Құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері қатысатын болады. Мысалы, егер өткен жылы мектепте жұмыс істеген бухгалтер қатыса алмаса, биыл ол өтініш бере алады. Негізгі талаптар:

• Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс жасау;

• Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;

• 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации