«Алматы жастары»: 1000 азамат баспана алады

07 сәуір, 19:00

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 9741 өтінім қабылданды. Биылғы жылдың 10-31 наурыз аралығында «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттар қабылданды.

Алматы, NEGE. Бағдарламаға қатысуға 9741 өтініш түсті, оның ішінде:

– Денсаулық сақтау саласы - 2614;

– Білім беру саласы бойынша -3560;

– Мәдениет саласы - 348;

– Спорт саласы- 98;

– ЖОО мен ҒЗИ саласы -1103;

– Әлеуметтік сала бойынша -715;

– БАҚ саласы -172;

– Құқық қорғау органдары -1131.

Өтініштерді қабылдау электрондық цифрлік қолтаңба арқылы электронды түрде www.almaty-zhastary.kz сайтында жүзеге асырылды.

Ұпайларды есептеу үшін электрондық калькулятор енгізілген. Оған қоса тапсырған өтініштің жағдайын сайттағы кабинеттен өздігінен бақылау мүмкіндігі бар.

Бүгінгі күні тапсырған өтініштерді жүктеу мен бағдарламаның талаптарына сәйкестігіне тексеру іске асырылып жатыр. Кейіннен әр санат бойынша ең жоғары ұпайлардың негізінде тізім жасалады.

Тұрғын үй қарыздарының берілуінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында іріктелген, резервке енгізілген және қайтарылған қатысушылардың тізімдері өтінімдерді қабылдау сайтының сәйкес бөлімдерінде орналастырылатын болады.

Бағдарлама бойынша 1000 азаматты баспанмен қамту жоспарланған.

Іріктелген үміткерлерге «Отбасы банк» АҚ арқылы төлем қабілеттілігін растау үшін өтінімдерді қабылдау сайтындағы кабинетке жолдама беріледі.

Тұрғын үй қарыздары төлем қабілеттілігін сәтті растаған қатысушыларға жалпы қарыздың 10 % болған жағдайда 5%-бен 18 млн теңгеге дейін бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй алу үшін беріледі.

#алматы #жастары #ипотека
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации