Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

04 мамыр, 16:59

Фото: tengrinews.kz

Алматы маңында жеңіл автокөлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігіне соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Жол апаты 4 мамырда түстен кейін Талғар ауданы Панфилов ауылындағы тасжолда болған. Оқиға болған жерден куәгерлер түсіріп алған видео мессенджерде тарады. Кадрлардан оқиға болған жерге жедел жәрдем көлігі қалай келгенін көруге болады, сол жерде бір адам жатыр. Видео авторы жеңіл көлік жүргізушісі қайтыс болған деп тұжырымдаған.

Полиция мәліметі бойынша, жол апаты Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 24-ші шақырымында сағат 11.45 шамасында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі шығыс бағытта келе жатқан. Панфилов ауылы маңында ол көлік тізгінін басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Кейін HOWO маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Toyota көлігінің 32 жастағы жолаушысы қаза тапты. Түрлі дене жарақатын алған жеңіл көлік жүргізушісі Талғар аудандық орталық ауруханасына жеткізілді", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации