Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақтан шықты

04 желтоқсан, 11:49

Фото: ғаламтордан

«Қызыл» аймаққа төрт өңір кіреді. Қазақстан қалаларындағы коронавирустың таралуы деңгейін бағалау кестесінде өзгерістер орын алды.

Алматы, NEGE. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 желтоқсандағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі көрініс төмендегідей сипатталады.

«Қызыл» аймаққа мыналар жатады:

Қостанай облысы

Ақмола облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Павлодар облысы

«Сары» аймақтағылар:

Шығыс Қазақстан облысы

Атырау облысы

Нұр-Сұлтан қаласы

Қалған қалалар мен облыстар, соның ішінде жақында ғана «сары» аймақта болған Алматы қаласы да «жасыл» аймақта екенін ескертеміз.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации