Алматы дәрігерлері «қызыл» аймақта қалай жұмыс істеп жатыр?

04 мамыр, 17:32

Фото: inform.kz

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасы коронавирус жұқтырған науқастарды қалай емдеп жатыр? Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне дәрігер Улжан Апбасова айтып берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы, NEGE. Былтыр наурыз айында мегаполисте эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Сонымен қатар, коронавирус инфекциямен тіркелген науқастардың саны күн сайын өсті.

Қаладағы жұқпалы аурулар ауруханаларының жүктемесі артты. Сондықтан көпсалалы клиникалар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге көшті.

Оның ішінде №7 қалалық клиникалық аурухана да бар. 2020 жылы наурызда №7 ауруханада 5 провизорлық бөлімше орналастырылды.

Ал жазда коронавирус инфекциясын емдейтін арнайы жұқпалы аурулар бөлімі ашылды.

«Жұқпалы аурулар ауруханаларындағы жүктемеге байланысты біз өткен жылдың наурыз айынан бастап провизорлық бөлімдерге коронавирусты науқастарды қабылдай бастадық. Жұқпалы аурулар бөлімін ашу туралы бізге 2020 жылдың маусым айында ресми бұйрық келді. Қазір онда 60 төсек-орын бар. Біз короновирус инфекциясын жұқтырған және созылмалы ауруы бар пациенттерге ерекше назар аударамыз. Атап айтар болсам, диабет, жүректің жеткіліксіздігі, онкогематология, бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек гемодиализі терапиясын алатындар», - дейді №7 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім жетекшісі Ұлжан Апбасова.

Сонымен қатар, ол бөлім түрлі дене жарақатын алған науқастарды да қабылдайтынын айтты.

«Егер жарақат алған науқастардан коронавирус анықталса, олар біздің жұқпалы аурулар бөлімінде қалады. Біздің пациенттер ілеспе аурулармен ерекшеленеді. Коронавирусты емдеуден бөлек, хаттамаға сәйкес біз олардың басқа да ауруларын емдейміз», - деп түсіндірді дәрігер.

Биыл сәуір айында ауруханада екінші жұқпалы аурулар бөлімі ашылды.

«Бастапқыда біздің жұқпалы аурулар бөлімшесінде 30 төсек болды. Кейін ол 50-ге дейін ұлғайтылды. Жүктеме ауыр болғандықтан екінші бөлім ашылып, төсектерді 30-дан бөлдік. Бүгінде екі бөлімге күн сайын бес науқасқа дейін қабылданады», - деп толықтырды Ұлжан Апбасова.

Инфекциялық бөлімшелер науқастарды емдеу үшін барлық қажетті технологиялармен жабдықталған. Онда диализ кабинеті, екі гемодиализ аппараты және жоғары ағынды оттегі беру аппаратымен бірнеше оттегі концентратор бар.

«Біз қалада коронавирус инфекциясы бар науқастарға арналған гемодиализ сеансын өткіземіз. Мегаполистегі барлық пациенттерді біз қабылдаймыз. Коронавирустан толық айғып, қалпына келуіне дейін олар ауруханаға жатқызылып, гемодиализ алады. Гемодиализге мұқтаж науқастар үшін қарқынды терапия төсектеріне қосылған бірегей тазарту және су тазарту жүйесі бар», - дейді дәрігер.

Бүгінгі күні екі бөлімде үш кезекші және науқастарға күндіз қарайтын екі дәрігер бар. Одан бөлек алты мейірбике, алты санитарлық медбике жұмыс істейді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации